қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Мирзаметов Мұрат Мекемтасұлы

Мирзаметов Мұрат Мекемтасұлы

 

Қысқаша өмірбаяны

Мирзаметов Мұрат Мекемтасұлы 1954 жылы 18 ақпанда Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданы, Жаңа Базар ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1971 жылы Сырдария қаласының №2 мектебін бітірген.

Мирзаметов Мұрат Мекемтасұлы - 1971 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1975 жылы осы институттың филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» (РКО) мамандығын бітірген.

1975-1993 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а., кафедра меңгерушісі, филология факультетінің деканы.

1993-2019 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақ филологиясы кафедрасының доценті м.а., Оқу-әдістемелік басқарма меңгерушісінің орынбасары, Аспирантура бөлімінің меңгерушісі, Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары.

2019-2021  жылдар аралығында ШУ университеті педагогика кафедрасының доценті.

2021 жылдан бастап академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика  ғылымдарының кандидаты.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Абай атындағы КазПИ

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

08.07.1975

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

Педагогика

2010

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Абаеведение (орыс топтарында)

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Креативті оқыту мемлекетіміздің рухани жаңғыруға апарар жолы. //Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Хабаршы, 1 (57), 2018., 190-194.

2. Сабақтың жаңа технологиясының негізі. //Қырғыз тили жана адабияты. К.Тыныстанов атындағы Ысык-көл мемлекеттік жана К.Карасаев атындағы Бишкек университеттеринин илимий-практикалық басылмасы., 2018.

3. Психолого-педагогические основы формирования личностной и профессиональной компетентности будущего специалиста на современном этапе. //Республиканский педагогико-методический журнал "Социальная педагогика и самопознание, 2020, март-июнь, №2-3, с.57-58.

4. Қазіргі қоғам аспектісінде жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу мәселесі. //Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді модернизациялау: тәжірибесі мен проблемасы» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары, Қызылорда, 2022-жыл, 838-842-беттер.

5. Роль и назначение текстов-описаний в развитии речи студентов. //Материалы научно-методического семинара «Дидактическая значимость произведений отечественной живописи при освоении в школе цикла гуманитарных дициплин. Шымкент, Южно-Казахстанский государственный педагогический университет, 2022, стр.103-106.

 


← Вернутся назад