қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.11.2018

Рединг университетіндегі ғылыми тағылымдама

 

2018 жылдың 16-31 қазан аралығында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының доценті, т.ғ.д. Раушан Тургумбаева Великобритания мемлекеті, Рединг қаласы, Рединг университетінің химия және фармация факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама аясында келесі жұмыстар атқарылды:

- жоғары оқу орнының химиялық зертханаларымен және құрал-жабдықтарымен танысу;

- химия және фармация факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарымен танысу;

- Редингт университетінің кітапханасында ғылыми материалдар дайындау.

 

Раушан Тургумбаева университеттің алдыңғы қатарлы ғалымдарымен пікірлесіп, іс-тәжірибемен алмасты, ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыстар жүргізіп, ғылыми материалдар жинақтады.