Main
News
23.09.2014 Тілдер мерекесі Біздің елімізде тілдер мерекесі биыл 25-ші рет аталып өтіп отыр. Ата заңымызда қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі ресми қарым-қатынас тілі болып жарияланып, елімізде «Тіл туралы» арнайы заң қабылданғаннан бері тілдерді дамыту жөнінде көптеген игілікті істер атқарылды. Бұл заң мемлекеттік және ресми тілдермен бірге Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамытуға, ол үшін барлық жағдайларды жасауға кепілдік береді. Сондықтан бүгінде елімізде ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, тілдерін дамыту мақсатымен Қазақстан Халықы ассамблеясы, оның аясында жүздеген ұлттың мәдени орталықтары құрылғаны белгілі. Осы орталықтардың бәрі де өз мәдениеті мен тілдерін өрістетумен бірге Президентіміздің ұлтаралық бірлік пен татулықты сақтау жөніндегі сара саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда тұрақтылықты нығайтуға қызмет етіп келеді. Сонымен қатар бүгінде елімізде «үштұғырлы тіл» саясаты жүзеге асырылуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлытаудағы сұқбатында: «... үш тілді-мемлекеттік тілді, орыс тілін және ағылшын тілін игергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіліміз қатар келе жатыр. Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің жолымыз ашық болады. Мемлекеттік тіл мен ресми тілді игерумен қатар ағылшын тілін жақсы меңгеріп жатсақ, өркениеттер көшінен қалыспайтынымыз анық. Ағылшын тілін дүние жүзі халқының 70 пайызы қолданады. Ол- ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, медицина мен мәдениеттің тілі»,- деді. Сондықтан біздің елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеру аса қажеттіліктен туып отыр. Көп тіл үйрену қазақ елі азаматтарының интелектуалды тұлға болып қалыптасуына жол ашатын зор мүмкіндік.
М.Ахмет,
|