қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
30.11.2022

Білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өтеді


2022 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында жаратылыстану және география, филология, өнер, мәдениет және спорт, педагогика және психология институттарының 19 білім беру бағдарламалары: «6В01416-Көркемдік білім беру, графика және жобалау» (қайта аккредиттеу); «7М01416-Көркемдік білім беру, графика және жобалау» (қайта аккредиттеу); «6В01402 - Музыкалық білім» (қайта аккредиттеу); «7М01402-Музыкалық білім»; «6В02109-Хореография»; «7М01101-Педагогика және психология» (қайта аккредиттеу); «8D02301-Филология»; «8D02308-Әдебиеттану»; «6В02302 - Аударма ісі»; «7М02302-Аударма ісі»; «6В01511-Ағылшын тіліндегі химия»; «6В01512-Химия және биология»; «7М05301-Химия»; «8D05301-Химия»; «6В01514-Ағылшын тіліндегі биология»; «7M05101-Биология»; «8D05101-Биология»; «7М05203-География»; «8D05203-География» мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.


Университетке 19 адамнан тұратын Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) сараптамалық тобы келеді. Сарапшылардың сыртқы сапары гибридті форматта (офлайн+онлайн) өтеді.


Іс-шара бағдарламасында университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, институт білім алушыларымен, жұмыс берушілер мен практика базасының өкілдерімен, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының түлектерімен кездесулер көзделген.


Аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының ұжымына аккредиттеуден сәтті өтуді тілейміз!