Main /
Announcements
18.11.2022 Құрметті ізденушілер!
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет) конкурстық іріктеуді жариялайды: 1) Филология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2) Филология институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары; 3) Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі орынбасары - жоғары білімі және (н/е) жоғары білімнен кейінгі білім, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия әкімшілік-басқару персоналы қатарынан басшы лауазымдардың басқа санаты бойынша Университеттің кадр резервіне алуға конкурстан өтпеген ізденушілерді ұсынуға құқылы.
Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.
Конкурстық құжаттар сканерленген нұсқада келесі электрондық поштаға ұсынылу мүмкіндігі бар: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz, сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (№103 кабинет, 1 қабат) мекен-жайы бойынша қолма-қол қабылданады.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады. Анықтама телефондары: 8 (727) 291-82-57.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, тапсырады: 1) түйіндеме; 2) жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, академиялық және ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), ғылыми атағы туралы құжат (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалар; 3) келесі тақырыптарды көрсететін (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан артық емес) жобаларды таныстыру: 1) «Алдағы 3 жылдағы Институттың жалпы көрінісі»; 2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»; 3) «Ғылыми қызметті дамыту»; 4) «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жобалау» (Директорлар және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін); Презентацияға қойылатын жалпы талаптар: 1 (бір) презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7 минуттан аспауы тиіс, ұсынылатын шрифт өлшемі ≥ 20.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) және т. б. қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
* Конкурстан өткен жағдайда құжаттардың толық тізімін ұсыну қажет.
|