Main /
Announcements
20.06.2022 «8D013 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің кеңейтілген талқылауы өтеді
2022 жылғы 29 маусым сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «8D013 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» (6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Рысбаева Ардак Куанышовнаның «Бастауыш сынып оқушыларының ізгілікті қарым-қатынасын интеграция негізінде қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы «8D013- Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің кеңейтілген отырысында талқыланады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақша
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Сәдуақас Гулбану Темирязқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан) Айшегюль Байрактар - қауымдастырылған профессор, Анкара университеті (Анкара қ., Түркия)
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан) Шолпанкулова Гульнар Кенесбековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұрсұлтан қ., Қазақстан)
Конференция идентификаторы: 935 2654 0545 Код: 675525
|