Main /
Announcements
28.03.2022 Домбыра сыныптарын дамыту туралы дәріс өтеді
Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім және хореография кафедрасы сіздерді «Заманауи мектептерге домбыра сыныбын енгізу және дамыту» тақырыбында белгілі жаңашыл ұстаз, өнертанушы және дәстүрлі музыканы зерттеуші, күйші, музыкаға және домбырада ойнауды үйретуге арналған «Мұрагер» білім беру бағдарламасының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Абдулхамит Райымбергеновпен кездесу-дәрісіне шақырады. Мақсатты аудитория - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ РОӘК құрамы / «Музыкалық білім» секциясы, қызығушылық танытқандар тыңдаушылар, қонақтар.
Кездесу-дәрісі жалпы білім беретін мектептерде домбыра тарту үйрету үшін арнайы сабақтар ұйымдастыру, осы бағытта ЖОО-да «6В014 / 7М014 / 8D014 - Музыкалық білім» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби кадрлар даярлаудың өзекті мәселелеріне арналады.
Ұйымдастырушы - музыкалық білім және хореография кафедрасы, «Музыкалық білім» РОӘК кеңесінің «Жалпы дамыту бойынша пәндік мамандығы бар мұғалімдерді даярлау (музыка мұғалімдерін/ педагогтерін даярлау) бағытында инновациялық педагогикалық технологияларды және БББ (PGCE) енгізу бойынша эксперименттік алаң құру» жобасының жетекшісі - п.ғ.д., профессор Нәрікбаева Л.М.
Өтетін күні: 06 сәуір 2022 жыл.
Уақыты: сағат 14.00-16.00 (ұзақтығы өзгеруі мүмкін)
Жұмыс тілдері: қазақша, орысша.
Өткізу нысаны: офлайн және ZOOM платформасында онлайн. https://zoom.us/j/8626483663?pwd=T2QxOTl0c0Nhem1iWlYwM3FEOWxYdz09 Идентификатор: 862 648 3663
Код:123456
Кездесу бағдарламасы
|