Бос лауазымның атауы:
|
Заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасының Заң бөлімінің басшысы
|
Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- Қоғам қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Қоғамның мүддесін қорғайды;
- заңнамалық актілер, келісімшарттар, іс жүргізу құжаттары, сондай-ақ Қоғам әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды, сонымен қатар, оларды Қоғамның басқа құрылымдық бөлімдері ұсынған жағдайда, келісе отырып әзірлеуге жетекшілік етеді;
- Қоғамда заңнаманы насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу мен өткізу бойынша жетекшілік етеді;
- заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Қоғамның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Қоғам атынан түсініктемелер дайындауға жетекшілік етеді;
- Қоғамның келісімшарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сонымен қатар келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда ықпал ету шараларын ұйымдастырады.
|
Негізгі қызметтік міндеттері:
|
- әртүрлі деңгейдегі істерді және құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа органдарда Қоғамның құқығы мен мүдделесін қорғайды;
- басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, ережелердің, нұсқаулықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді бақылайды және осы құжаттарға қол қояды;
- қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту кезінде Заңда көзделген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
- келіп түсетін және шығарылатын нормативтік құжаттардың жүйеленген есебін жүргізуді бақылайды, қызмет түрлері бойынша қоғамның құқықтық актілерінің жіктеуішін жүргізуді қамтамасыз етеді;
- қоғам әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуді, оның ішінде оларды қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен басқарады.
|
Іссапарларға шығу:
|
іскерлік қажеттілік бойынша
|
Білімі:
|
жоғары заңгерлік білім
|
Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)
|
мамандығы бойынша 3 жыл
|
Кәсіби құзыреттер:
|
кәсіби шеберлік, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қолдану бойынша білім мен дағды
|
Жеке құзыреттер мен қасиеттер:
|
жоғары азаматтық, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау, кәсіби этика нормаларын сақтау
|
Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)
|
қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады
|
Компьютерлік дағдылар:
|
Электрондық құжаттаманы білу және еркін меңгеру
|
Қажетті қызметкерлердің саны:
|
1 (бір)
|
Түйіндемені қабылдау мерзімі
|
2022 жылдың 29 сәуіріне дейін
|
Байланыстағы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
Кусаинов Есбулат Бектурсунович,
м.т. +7 778 227 36 77, ж.т. 8 (727) 2-93-85-93
|