Main /
Announcements
05.03.2022 «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысының және қызметкерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызмет басшысының жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білімі, аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің және/немесе CIA ішкі аудитор сертификатының және/немесе ACCA және/немесе CPA алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе DIPiFR дипломының міндетті түрде болуы қажет. Қазақ және ағылшын тілдерін білгені қажет.
Қызмет жұмыскерлерінің экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар салаларында және/немесе заң саласында және/немесе техникалық салада жоғары кәсіптік білімі, сондай-ақ осы салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. CIA халықаралық ішкі аудитор сертификатының немесе ACCA және/немесе CPA алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе DipIFR дипломының болуы, қазақ және ағылшын тілдерін білуі қажет.
Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады: 1. өтініш;
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: 8-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz
|