қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
17.01.2022

БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Стратегия департаменті Даму стратегиясын  сүйемелдеу бөлімінің бастығы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Стратегиялық жоспарлау процесіне сәйкес қызмет ету (стратегиялық жоспарлау бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау, жүзеге асыру);

- Университеттің Даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;

-Даму стртаегиясы бойынша негізгі стратегиялық құжаттарды қалыптастыруға үлес қосу;

- Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылау және сол жолда қызмет ету (Стратегиялық аудит, Стратегия міндеттерін іске асыру жоспары мен университеттің Даму жоспарының мониторингі, стратегия процестері қызметінің тұрақтылығы);

-Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде Даму стратегиясының орындалуын бақылау;

-Құрылымдық бөлімшелерге университеттің Даму стратегиясы бойынша консалтингтік қызмет көрсету;

-Стратегияны іске асыру жоспарын орындаудың сапалы мониторингі;

-Университеттің әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т.б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Стратегияны әзірлеу бойынша жұмыстарды сүйемелдеу: Стратегия мәтінін дайындау, оған түзетулер енгізу, Стратегияның презентациясын дайындау;

- Қабылданған стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді хабардар етуді қамтамасыз ету;

- Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірлеу және орындалуын талдау;

- Стратегияны іске асыру жоспары мониторингінің қорытындылары бойынша есептер (жартыжылдық және жылдық) дайындау;

- Университетті әлемдік рейтингтерде ілгерілету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және басқару (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т. б.);

- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылықты жүзеге асыру, Департаменттің, Қоғамның басқару органдарының тапсырмаларын, бұйрықтары мен өкімдерінің шешімдерін орындау.

Іссапарларға шығу:

Қажеттілігі бар

Білімі

Жоғары әлеуметтік-гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, техникалық білім

Магистр дәрежесінен төмен емес

Менеджмент саласындағы қосымша білім, МВА дәрежесі құпталады

Стратегиялық менеджмент, білім беру менеджменті және т. б. курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)

4 жылдан кем емес, академиялық салада, университет Департаменттерінде, басқармаларында, мемлекеттік органдарда әкімшілік жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Кәсіби құзыреттері:

1. Стратегияны, стратегияны іске асыру жоспарын, университеттің даму жоспарын әзірлеу;

2. Университеттің және оқу институттарының стратегиясын, стратегиясын іске асыру жоспарын орындаудың тұрақты мониторингі;

3. Стратегиялық сессиялар өткізу;

4. Даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру бойынша есептер жасау;

5. Университеттің әлемдік рейтингтерге қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

6. Қоғамның, департаменттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысады.

Тұлғалық құзыреттер және сапа:

Байланысқа бейімділік, икемділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, командада жұмыс істей білу, бейімділік, тайм-менеджмент, ұйымдастыру дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, сабырлылық.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі)

Қазақ тілі - еркін

Орыс тілі - еркін

Ағылшын тілі - В2 Upper-Intermediate төмен емес деңгейде оқу, жазу, түсіну

Компьютерлік дағдылары:

MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Саnva пакетін еркін меңгеру, әлемдік рэнкингтердің деректер базасымен, құжат айналымымен (құжат айналымымен) жұмыс істей білу.

Түйіндемені жіберу мерзімі:

24 қаңтар 2022 жыл

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz