қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.12.2021

Бос лауазымға үміткерді таңдауға өтініш

 

Бос жұмыс орны жабық


Бос лауазымның атауы:

ЮНЕСКО кафедрасының маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық  міндеттері:

Білім беруді тұрақты даму мақсатында және әлемдік Азаматтылық бойынша насихаттауды қамтамасыз етеді; профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлер арасында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) танымал ету; мекеме үшін де, ЮНЕСКО үшін де басым болып табылатын салада білім мен практиканы тарату бойынша академиялық әлем, азаматтық қоғам, Жергілікті қоғамдастықтар арасындағы талдау орталығы және байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Кафедра меңгерушісі келесі міндеттерді атқарады:

1.ЮНЕСКО кафедрасының қызметінің ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және оның нәтижелері үшін жауапты болады;

2.«Abai University» КЕАҚ 2022-2025 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес ЮНЕСКО кафедрасының жұмыс жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға жауапты;

3.Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыружөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

4. ЮНЕСКО-ның әр түрлі секторларының зерттеу стратегиясына сәйкес келетін зерттеулер;

5.Тұрақты даму орталығы шеңберінде кафедраның мамандануына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, алынған нәтижелерді университет қызметінің бағыттарына енгізуді қамтамасыз етеді;

6.Ғылыми қорлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды ұсынуға арналған конкурстарына қатысады;

7.ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму, әлемдік азаматтық, гендерлік зерттеулер және күнтәртібіндегі өзгеде мәселелер бойынша білім беру тақырыбыбойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық семинарлар мен өзге де осындай іс-шаралар өткізеді;

8.ЮНЕСКО және Қазақстан Республикасының ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы алдында кафедра қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайынғы есепті ұсынады;

9. Қазақстан Республикасының  ЮНЕСКО және ИСЕСКО  істері жөніндегі  ұлттық комиссиясының  мүшесі болып табылады, Ұлттық Комиссияның отырыстарына, форумдарына қатысады;

10. кафедра қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды.

Іс-сапарларға шығу:

Іс-сапарларға дайын болу

Білімі

Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Кафедра меңгерушісі лауазымына жоғары білімі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

Кәсіби құзыреттер:

Білім беру жүйесін, халықаралық конвенцияларды, ТДМ, ЮНЕСКО қызметінің қағидаттарын, мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникациялық дағдыларды білу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Креативтілік, бастамашылдық, сервиске бағдарлану, өзін-өзі ынталандыру және тез үйрену қабілеті, командада және өз бетінше жұмыс істей білу; жақсы ұйымдастырушылық дағдылар (жоспарлау және іске асыру); жұмыс кестесінен тыс жұмыс істеу мүмкіндігі; әріптестермен және білімалушылармен достық және тиімді жұмыс істей білу.

Жоғары тиімділік және қысқа мерзімде жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қарым-қатынас дағдылары мен өзара әрекеттестіктің, тәртіптің маңыздылығын түсіну.

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдердібілуі (кандидат меңгеруі тиістілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілін білу деңгейі - В1-ден төмен емес.

Компьютерлік дағдылар:

Жетілдірілген компьютер пайдаланушысы

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2022 жылғы 10 қаңтарға дейін қоса алғанда

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz 

Баймухамбетов Еркебулан Кайнарканович