|
| |
Main /
Announcements
15.12.2021
Бос лауазымға үміткерді іріктеу туралы өтінім
Бос жұмыс орны жабық
Бос лауазымның атауы:
|
Стратегия департаментінің директоры
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- Стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық жоспарлау бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау);
- Университеттің Даму стратегиясын әзірлеу;
- Даму бойынша негізгі стратегиялық құжаттарды қалыптастыру;
- Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету (Стратегия аудиті, Стратегия міндеттерін іске асыру жоспары мен университеттің Даму жоспарының мониторингі, Стратегия процестерінің тұрақты жұмыс істеуі);
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде Даму стратегиясының орындалуын бақылау;
- Құрылымдық бөлімшелерге университеттің Даму стратегиясы бойынша консалтингтік қызмет көрсету;
- Стратегияны іске асыру жоспарын орындаудың сапалы мониторингі;
-Университеттің әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т.б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
-Тәуекелдерді сәйкестендіру және тәуекелдерді басқару.
|
Негізгі лауазымдық міндеттері:
|
- Стратегияны дайындау бойынша жұмыстарды сүйемелдеу: Стратегия мәтінін дайындау, оған түзетулер енгізу, Стратегия презентациясын дайындау;
- Қабылданған стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді хабардар етуді қамтамасыз ету;
-Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірлеу және орындалуын талдау;
- Жылдық есептерді/тұрақты даму бойынша есептерді/Қоғамның біріктірілген есептерін әзірлеуге қатысу;
-Департаменттің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылықты жүзеге асыру, Қоғамның басқару органдары тапсырмаларының, бұйрықтары мен өкімдері шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен іскерлік қатынастарды реттеу және қамтамасыз ету, шешімдер қабылдау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
-Департаментке сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде Департамент қызметіне сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау.
|
Іссапарларға шығу:
|
Қажеттілігі бар
|
Білімі
|
Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық білімі;
Магистр дәрежесінен төмен емес академиялық дәрежеге ие болуы;
Менеджмент саласындағы қосымша білімі;
МВА дәрежесі құпталады;
Стратегиялық менеджмент, білім берудегі менеджмент және т.б. курстардан өткені туралы сертификаттардың болуы қажет.
|
Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)
|
5 жыл, академиялық сала, стратегияны әзірлеуге байланысты университет департаменттерінде, басқармаларында әкімшілік жұмыс тәжірибесі
|
Кәсіби құзыреттері:
|
1. Стратегияны, оны іске асыру жоспарын, университеттің даму жоспарын әзірлеу;
2. Университеттің және оқу институттарының стратегиясын, оны іске асыру жоспарын орындаудың тұрақты мониторингі;
3. Стратегиялық сессиялар өткізу;
4. Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру жөнінде есептер дайындау;
5. Университеттің әлемдік рейтингтерге қатысуы бойынша жұмысты үйлестіру;
6. Тәуекел-менеджментті әзірлеу, енгізу;
7. Тәуекелдерді анықтау және тәуекелдерді азайту жолдарын ұсыну;
8. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметкерлерді оқытуды жүргізу;
9. Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу
|
Тұлғалық құзыреттер және сапа:
|
Байланысқа бейімділік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, көшбасшылық, командада және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу, икемділік, бейімділік, тайм-менеджмент, басқару дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, сабырлылық.
|
Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі)
|
Қазақ тілі - еркін
Орыс тілі - еркін
Ағылшын тілі - Preintermediate төмен емес деңгейде оқу, жазу, түсіну
|
Компьютерлік дағдылары:
|
MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Prezi, Canvas бағдарламаларын, Social Media, электрондық пошта, Документологты жақсы меңгеру
|
Түйіндемені жіберу мерзімі:
|
28 желтоқсан 2021 жыл
|
Байланысушы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
|
|