қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
30.11.2021

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге тапсырыс

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Өнер, мәдениет және спорт институты

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

-   ҚР Еңбек Кодексіне, ұжымдық шартына және жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасайды;

- Өз іс-әрекеті, қызметі бойынша есеп береді.

- Институт директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар жөнінде ақпарат алады, сәйкес құжаттармен қол қою арқылы танысады;

- Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы  сұрақтар бойынша институт директорының бұйрығын  таратады;

- Институт директорының  басқа  орынбасарларымен,  ЖОО  мекемесінің педагогикалық қызметкерлерімен өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жүйелі түрде үнемі ақпаратпен  алмасып отырады;

- Институт  директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т. б.) оның міндеттерін атқарады.Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы немесе  өкілетті органның басшысының  (Білім басқармасы) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Педагог қызметкерлерінің оқу жүктемесінің құжаттарын даярлайды және ұйымдастырады.

- Мұғалімдердің өткізген сабақтарына және басқа да іс-шараларға  қатысады, ол сабақтардың мазмұны мен формасын  талдайды, педагогтарға  сараптама қорытындысынан хабардар етеді;

- Есеп тапсыратын құжаттардың уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

- Педагогтердің  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен  институт және таңдау бойынша курстардың жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

- Студенттердің аттестацияның сапалы және уақытында өтуін бақылайды.

- Құжаттарды жүйелі бақылауға алады және жауап береді.

- Оқу жылының жылдық және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізеді .

- Директордың әкімшілік-шаруашылық  ісі жөніндегі орынбасарының  қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді ұйымдастырады.

Іссапарларға шығу:

мүмкін

Білімі:

жоғары білім, кем дегенде магистр атағы болуы тиіс.

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

- Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем емес. Департамент маманының лауазымдық өкілеттіктерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары болуы тиіс;

- Қызмет бағыты, ұйымдастыру жұмысы, міндеттерді шешуге жүйелі көзқарас, консультация беру, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, ақпараттық материалдарды жүйелеу және дайындау бойынша нормативтік және өзге де құжаттарды әзірлеу.

Кәсіби құзыреттер:

Маман есептерді, анықтамаларды, іскерлік хаттарды, бұйрық жобаларын жасай білуі, хаттамаларды жүргізе білуі тиіс.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жаңашылдық, ақпаратпен жұмыс істей білу, мақсатқа жету, ұстамды және шыдамды болу, бастамашылдық және батылдық, сыпайылық және сенімділік таныта білу; командада жұмыс істей білу, өзін-өзі дамытуға, конструктивтілікке бағдарлау.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдері

Компьютерлік дағдылар:

MS Office пакетін жақсы меңгеру (Access, Excel, PowerPoint, Word, WordPad), графикалық редакторлар (Picture Manager, CorelDRAW), электрондық поштамен жұмыс істеу (Outlook Express). Әр түрлі браузерлермен (Opera, Firefox, Chrome) сенімді жұмыс жасау.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

10.12.2021 дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz