қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Каримова Гульмира Сарсемханқызы

Каримова Гульмира Сарсемханқызы

 

Қысқаша өмірбаяны

Гульмира Сарсемханқызы Каримова 1977 жылы 8 қаңтарда  Алматы қаласында туған. Ұлты-қазақ. 1994 жылы Шарғанақ орта мектебін бітірген.

1995 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетіне " 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті " мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу кезінде факультеттің студенттік өміріне белсенді қатысқан. Студент кезінде жастар мен студенттердің бірқатар қалалық, республикалық форумдарына қатысты. 1999 жылы университетті үздік дипломмен бакалавр дәрежесін алды.

2011 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура бөліміне оқуға түскен. 2013 жылы  «6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды.

2013 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ph.D докторантура бөліміне оқуға түскен. 2017 жылы  «6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия  докторы (Ph.D ) ғылыми дәрежесін алды.

2018 жылдан  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институтының Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті  кафедрасында P.hD., қауымдастырылған профессор қызметін атқарады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университеті

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бакалавр

1999 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ.

педагогика ғылымдар магистрі

2011 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ.

философия  докторы (Ph.D)

2017 ж.

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

философия  докторы (Ph.D)

Гуманитарлық ғылымдар

2017 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

- Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі;
- Қазіргі қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі;
- Қазақ әдеби сын тарихы;
- ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі;
- Әлем әдебиеті және оны оқыту.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

- Қазақ ұлттық қыздар педагоикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі;
- Абай атындағы ҚазҰПУ, «Хабаршы» журналының редакциялық комиссиясының мүшесі;
- 6,9,10-сыныптарға арналған мектеп оқулықтарының авторы;
- Халықаралық Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігінің (НААР) эксперті;
- Алматы қаласы Білім департаменті комиссиясының мүшесі.
- Қазіргі қазақ драматургиясы тақырыбындағы 1 монографияның, 1 драмалық терминдер сөздігінің, 3 мектеп оқулығының, 1 мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдың, 1 электронды оқулықтың, 60-тан астам ғылыми -танымдық мақалалардың авторы.
- Чехия, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Болгария, Sciverse Scopus деректемелік базасының журналдарында жарияланған 10-нан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
- Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Башқұртстан (РФ), Саха-Якутия (РФ), Татарстан (РФ) т.б. түркітілдес елдердегі бірнеше халықаралық түркологиялық ғылыми конференцияларға қатысқан. Мақалалары бірнеше тілде жарық көрген.
- Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (2021 жыл).
- «Білім беру саласының үздігі» медалі. (2018 жыл).
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы (2017 жыл).
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі. Білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан респуликасы, Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2021жыл).


← Вернутся назад