About us | Главная /
Ахметов Бақытжан Сражатдинұлы
Ахметов Бақытжан Сражатдинұлы
Қысқаша өмірбаяны 1977 жылы 0608 - «Электрондық есептеу машиналары» мамандығы бойынша Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітіргенмін. 1984 жылы «Автоматтандырылған жобалау жүйесі (өнеркәсіпте)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғалды. 2007 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Әлеуметтік және экономикалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғалды. «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі. Ғылыми қызығушылықтары - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік. Жарияланымдар - 400-ден астам мақалалар, оның ішінде 40 мақала Scopus-та индекстелген. Scopus деректер базасындағы Хирш индексі - 7. 2 ғылым кандидаты, 15 PhD докторы дайындалды. «Ақпараттық-коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің төрағасы. «Ақпаратты қорғау» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі, Украина Ұлттық авиация университеті, Киев; «Орал радиотехника журналы», Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, Екатеринбург.
БІЛІМІ
Ғылыми атағы
Ғылыми дәрежесі
ДӘРІС ӨТКІЗЕТІН ПӘНДЕРІ 1. Жасанды нейрондық желілер, магистратура 2. Желілік технологиялар, магистратура 3. Ақпаратты қорғаудың теориялық негіздері, магистратура 4. Білім берудегі ақпараттық жүйелерді жобалау, магистратура 5. Қашықтықтан оқыту әдістемесі мен технологиясы, бакалавриат 6. Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік, бакалавриат
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ Зерттеу тақырыбы: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, ақпаратты қорғаудың биометрикалық-нейрожелілік технологиялары. Жарияланымдар саны: 400-ден аса мақала, монографияларды қосқанда, оқулықтар, оқу құралдары, патенттер, отандық және шетелдік ғылыми журналдар мен халықаралық конференциялардағы мақалалар, оның ішінде Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін 40 мақала. Хирша индексі Scopus - 7, WoS - 3. 2 ғылым кандидатын, 15 PhD докторын даярлады. 1. Ахметов Б.С., Лахно В.А. Адаптивные экспертные системы распознавания угроз и аномалий. Монография. - Алматы:КазНПУ им.Абая. Издательство «Ұлағат», 2020. - 206с.
Зерттеу тақырыбы: Білім беруді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды цифрландыру 1. Ахметов Б.С., Корченко А.Г., Сиденко В.П., Дрейс Ю.А., Алимсеитова Ж.К. Қолданбалы криптология. Оқулық. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2016. - 500 б. 2. Ахметов Б.С., Горбаченко В.И. Нейронные сети. Учебник. - Алматы: КазНИТУ имени К.И.Сатпаева, 2016. - 256 с. 3. Горбаченко В.И., Ахметов Б.С., Кузнецова О.Ю. Интеллектуальные системы: нечеткие системы и сети. - Москва: Издательство ЮРАЙТ, 2017. - 103с. 4. Ахметов Б.С., Лахно В.А. Архитектура компьютера. - Учебное пособие. - Алматы. АУЭС, 2019 - 300с.
МАРАПАТТАРЫ - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, 2014 ж. - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2017» төсбелгісімен марапатталды. - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей инженерлік академиясының шетелдік мүшесі, халықаралық инженерлік академиясының академигі, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ұлттық жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|