Main /
Announcements
23.08.2021 Құрметті білім алушылар!
Сіздерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің №66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында жатақханалардағы орындарды бөлу Ережелері негізінде және ҚР аумағында, Алматы қаласында енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық режимді ескере отырып, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ-да университет Басқармасының отырысы өткізілгенін хабарлаймыз.
2021 / 2022 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына студенттерді орналастыру шарттары туралы (Басқарма отырысының 2021 жылғы 19 тамыздағы №5 хаттамасы негізінде) келесі шешімдер қабылданды:
1. Студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайын ескере отырып үстемдік тәртіпте жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілетін студенттер санаттары анықталсын. Жатақханалардағы орындармен, төменде көрсетілген санаттар бойынша, бірінші кезекте 1 курс студенттері қамтамасыз етіледі: - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының бірі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;
2. Хаттаманың 1-ші тармағында айқындалған бірінші санаттағы студенттердің өтініштерін қарап, олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін жатақханадан төсек-орын алуға келесі санаттағы студенттер басымдық құқықпен иемденеді:
3. Студенттерді жатақханаға орналастыру, СЭР ескеріле отырып, комиссияның хаттамалық шешімдерімен жүзеге асырылуға тиіс, комиссияларды құру институт директорларына, факультет декандарына жүктеледі.
|