![]()
06.03.2025 Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай жолымен» көркемөнер көрмесі ашылды
2025 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен «Абай жолымен» атты көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесі ашылды. Іс-шара ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Көрмеге Өнер факультеті профессор-оқытушылары, студенттері мен түлектерінің 80-нен астам кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. «Абай жолымен» көрмесі - бұл жай ғана экспозициялық көрме емес, тарихқа шолу, қазақ мәдениетінің тұңғиығын сезіну және ұлы Абай Құнанбаевтың мұрасына деген жаңа көзқарас. Ұсынылған әрбір өнер туындысы - ақынның мұрасы, оның философиясы және мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтары туралы терең ойды қозғайды.
Көрменің ашылуында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры м.а. Галия Темиртон, Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Берікжан Әлмұхаметов, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Өнер факультетінің деканы Кәрім Байқұтов сөз сөйледі.
Абай шығармашылығының мәні болып табылатын ұлттық бірегейлік тақырыбына айрықша назар аударылған, ұлы ақынның ұлы мұрасын насихаттайтын көрме алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
|