қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.01.2025

              Педагогикалық шеберлікті дамыту: ректор студенттердің ашық сабағына қатысты

 

                

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде ашық сабаққа қатысты.

 

Ашық сабақты Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Адаева Аида Айдаровна өткізді. Сабаққа «Мансап» орталығының жетекшісі, №131мектеп-лицейдің басшысы, білім алушының жетекшілері қатысты.

 

Ашық сабақ «Абай жолы» роман-эпопеясының композициялық ерекшелігі» тақырыбына өткізілді. Сабақ барысында білім алушы күрделі терминдерге нақты және егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, аудиторияны оқу процесіне тарту қабілетін көрсете отырып, тамаша оқытушылық шеберлігін көрсетті. Оқушылардың белсенді қатысуы да байқалды, бұл топтық жұмысты сәтті бағалауға ықпал етті. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.

 

Мұндай іс-шараға ректордың және басқа да қонақтардың қатысуы студенттердің бастамаларын қолдаудың айқын үлгісі және білім беру мен даму үдерісінде университет басшылығы мен студенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді.

 

Болат Тілеп студенттердің үнемі озық біліммен қарулануына бағытталатын білім беру ортасын қалыптастырудың маңызына тоқталып, студенттер университеттің зияткерлік дамуының негізгі драйверлері екенін атап өтті. Сондай-ақ мектеп оқушыларын елі мен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін аса қажет педагогикалық мамандықты таңдауға шақырды.

 

Сабақ соңында ректор студентке және оның барлық тәлімгеріне бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ барысы үшін алғыс айтты.

 

 

30.01.2025

Ақпарат көзі: aikyn.kz