қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.02.2025

«Ұлттық мәдениеттің бүгіні мен болашағы»: Бекжан Тұрыспен өткен рухани кездесу


2025 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған сахна шебері Бекжан Тұрыспен «Ұлттық мәдениеттің бүгіні мен болашағы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өтті.


Кездесуге университеттің профессор-оқытушылары, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау, Тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Берікжан Алмұқанбетов және Кәсіподақ басшысы Мұхта Ибраимов және студенттер қатысты.


Кездесу барысында танымал өнер адамы ұлтжанды азамат ретінде өзін толғандырып жүрген мәселелер жайында терең ой қозғады. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, театр өнері жайлы сыр шертті. Сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған кеште Бекжан Тұрыс өзінің жастық шағын еске алып, студенттік кезеңде басынан өткерген қызықты жайттарды айтып, көрерменге ерекше эмоция сыйлады.


Кездесу кеші өз дәрежесінде өте қызықты, еркін, ашық түрде өтті. Студенттер театр сахнасынан бөлек, кино мен телевизия саласындағы еңбегімен де жұртшылыққа кеңінен танымал, халықтың сүйікті адамына айнала білген Бекжан Тұрыспен қимай қоштасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=