қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.02.2025

«Қарым-қатынас дағдылары мен эмоционалды сананы дамыту» психологиялық тренингі


2025 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «Психология: практикалық психологты даярлау» мамандығы 4 курс студент-практиканттары мен Психологиялық қолдау қызметінің психолог-мамандары «Қарым-қатынас дағдылары мен эмоционалдық сананы дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырып, өткізді. Тренингке № 5 жатақхана студенттері қатысты.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты - студенттер арасында сенімді және достық атмосфераны қалыптастыру, студенттерге өздерін жақсы түсінуге көмектесу, қарым-қатынас дағдылары мен эмоционалды сауаттылықты дамыту жайлы әлеуметтік орта құруға ықпал ету.

 

Қатысушылармен танысу және жайлы атмосфера құру үшін тренинг «Менің есімім... және мен...жақсы көремін» жаттығуынан басталды. Негізгі бөлімде дене санасын дамытуға, қатысушылардың мүдделерін ашуға және ашық өзара әрекеттесуді қалыптастыруға бағытталған «Магнит» және «Менің идеалды күнім» жаттығулары өткізілді. Соңғы кезең - қатысушыларға шығармашылық арқылы өз сезімдерін білдіруге және эмоционалды күйін түсінуге көмектесетін «Эмоциялар палитрасы» арт-терапиялық жаттығуы.

 

Кері байланыс барысында қатысушылар жағымды әсерлерімен бөлісті, өз эмоцияларын талқылады және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі