қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.02.2025

Университет ректоры тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздарымен кездесті


2025 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары, тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасының мүшелерімен кездесіп, спортшылардың еңбегіне жоғары баға бере отырып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.

 

Атап айтқанда, 10-20 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионатында Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасының мүшесі, қыздар арасында спорт шебері, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті Аяна Исахан І орынды иеленді. Одан өзге Румынияда өткен тоғызқұмалақтан Әлем кубогында Дакен Эльдар мен Аяна Исахан І орын алған болатын. Ал, Түркия елінде өткен Әлем чемпионатында Аяна Исахан ІІ орынға ие болған еді. Семей қаласында өткен ҚР чемпионатында Дакен Эльдар мен Ердаулет Джанабилов І орын иегерлері атанса, Алматы қаласы студенттері арасында өткен турнирде Аяна Исахан ІІ орын, Ерасыл Пернебаев І орын, Нұрай Ганикызы І орын, Сырым Тілеубек ІІІ орынды қанжығасына байлады.

 

Абай университеті студенттерінің жетістігін әрдайым мақтан тұтады және оларға спорт саласында үнемі қолдау көрсетіп келеді. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=