қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.01.2025

Абай университеті & FAU: халықаралық серіктестіктің жаңа шыңдары


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Friedrich-Alexander-Universität Erlangen-Nürnberg (FAU) бірлесіп, Герман академиялық алмасулар қызметі (DAAD) қаржыландыратын "The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces" атты халықаралық жобаны 2025-2026 жылдарға байқау нәтижесінде жеңіп алғаны туралы қуана хабарлаймыз.


Жобаның жетекшісі - доктор, профессор Анатолий Рахкошкин (FAU, Германия). Абай университеті атынан жоба жетекшісі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжаркын Абдигапбарова. Жоба ассистенті - докторант Мадина Молдағали.


2025 жылдың 10 қаңтарында зерттеу тобының алғашқы кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар жұмыс бағыттарын талқылап, бастамаларды жүзеге асыру кезеңдерін бекітті және тапсырмаларды бөлісті. Сондай-ақ, жобаға Жусуп Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің және Ферғана мемлекеттік университетінің өкілдері қатысуда.

 

Жобаның жүзеге асырылуы Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдерінің білім беру кеңістіктерін интеграциялау жолындағы маңызды қадам болуда, жоба студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=