Main
News
17.12.2024 «Білім мен ғылым - Тәуелсіздік негізі» Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Білім мен ғылым - Тәуелсіздік негізі» атты мерекелік шара өтті.
"Еліміз сан ғасырлар бойы армандап, аңсап жеткен тәуелсіздік әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым. Еркіндік пен бостандыққа қол жеткізген Тәуелсіздік күні - ата-бабамыздың асыл мұрасы, бізге аманат еткен баға жетпес байлығы" - деп алғы сөзді бастаған АBAI UNIVERSITY-нің Басқарма Төрағасы - Ректор Болат Тілеп 2023-2024 жылдардағы атқарылған есептік баяндамасын университет ұжымына жеткізді. Атқарылған істермен қатар алдағы мақсат жоспарларда кеңінен таныстырылды. Болат Анапияұлы профессор-оқытушылар мен студенттерді еліміздің рухын асқақтатқан, ынтымақ-бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен арнайы құттықтады. Ректор білім беру саласында кәсіби біліктілік танытқан оқытушыларды, университеттің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды, мерекелік награда және алғыс хаттармен марапаттады.«Тәуелсіздік - таусылмайтын жыр". Бұл күні марапат иелерін университеттің өнерпаз әрі шығармашылыққа жаны құмары жастары әуелете әуезді ән салып, мың бұрала би билеп құрмет қошеметке бөледі.
|