Main /
Mass media about us
30.01.2018 Үш тұғырлы ынтымақтастық
Кәсіптік бағдар беру - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауды жүзеге асыратын жұмыс.
Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Қазақстан Республикасының мектеп бітіруші түлектері арасында кәсіби бағдар беру жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтетінде бес жылдан бері түптілікті жұмыс істеп келеді.
Бұл жұмыс мамандық таңдауда және ЖОО таңдауда өз жемісін де беріп үлгерді. 2017-2018 жылы университтетке түсетін мектеп жастары мен колледж студенттерін тарту мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтетінің білім беру қызметінің 90 жылдығына арналған университтет ректоры, профессор Т.О.Балықбаевтың тапсырмасымен «Кәсіби бағдар беру форумы» құрылды.
Бұл форумның мақсаты университетімізге жер-жерден талантты шәкірттерді тару болып табылады. Осы мақсатпен «Кәсіби бағдар беру форумының» жұмыс тобы Алматы облысы, Қызылорда облысы және Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарындағы мектептерде болып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей болды: - оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; - кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу; - мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу; - оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды. Мамандық бойынша білімалушыға қойылатын талаптар таныстырылды.
Сондай-ақ әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді. Осы сапарда ОҚО Білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлымен, Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Сайлыбаев Бақытжан Әбдіхалықұлымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университтетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы арасында үш жақты ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша облыс басшыларымен университет арасында алтын көпір орнатып тығыз жұмыс істеуге шақырды.
Бұл Елбасымыз айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты. Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, дарынды, білікті жастарға дұрыс кәсіби бағдар берсек, бұл - ел өркендеуінің негізгі кілті болары сөзсіз.
Авторы: Ерсайын Молдасанов, Абай атындағы ҚазҰПУ 30.01.2018 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz |