қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.11.2024

«Суицид: унция профилактики стоит фунта лечения» психологиялық семинары

 

2024 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Суицид: унция профилактики стоит фунта лечения» тақырыбында студенттермен психологиялық семинар өтті.


Семинардың мақсаты - студенттерге суицидтің алдын-алу жолдары туралы ғылыми ақпарат беріп, психологиялық денсаулықты сақтаудың маңыздылығын көрсету және осы мәселеге деген қоғамдағы түсінік пен жауапкершілікті арттыру. Кездесуді спикер психоаналитик, Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова жүргізді. Ол білім алушыларға суицид ұғымын түсіндіріп, алдын-алу мәселесіне байланысты теориялық ақпараттармен қатар практикалық жаттығулар да жүргізді. Бұл семинар студенттер арасында психологиялық денсаулыққа деген көзқарасты өзгертуге, қоғамдағы психологиялық мәселелерге қатысты ашық пікір қалыптастыруға ықпал етті.


Кездесуге Филология, Жаратылыстану-география, Математика, физика және информатика факультетінен 150-ге жуық студенттер қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қолдау қызметі»