қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2024

Абай университетінде «Міндетті үш жылдық еңбек өтемі» тақырыбында кездесу өтті


2024 жылғы 22 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мансап орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Міндетті үш жылдық еңбек өтемі» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков ашып берді. Іс-шараға Қаржы орталығының жетекші мамандары Ақзира Серікқали мен  Абылай Тыныбеков қатысты.

 

Бұл маңызды кездесуге 500-ден астам студент қатысты. Мансап орталығы студенттердің кәсіби дамуына бағытталған бірегей алаң ретінде кездесуде маңызды рөл атқарды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2023 жылғы №403 бұйрығы жан-жақты талқыланды. Бұйрық аясында міндетті үш жылдық еңбек өтемінің шарттары, заңдық негіздері мен талаптары, сондай-ақ еңбек өтемін орындау кезінде туындайтын құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, жас мамандардың құқықтары мен міндеттері, жұмысқа орналасу тәртібі және әлеуметтік жеңілдіктер мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Мансап орталығы студенттерге еңбек нарығында сәтті бейімделу үшін қажетті ақпарат пен кеңестер ұсынды, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Бұл іс-шара студенттердің болашақ еңбек қызметін жоспарлауға бағытталған нақты қадамдарды жасауға көмектесіп, Мансап орталығының еңбек нарығының заманауи талаптары мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бағытындағы жоғары деңгейдегі қызметін тағы бір мәрте көрсетті.

 

Қатысушылар спикерлерге тікелей сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Нәтижесінде, 2023 жылғы №403 бұйрықтың мазмұны мен оның жас мамандарға арналған талаптары толықтай түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=