қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.11.2024

Студенттердің 79 - ғылыми конференциясы


Университет студенттері мен магистранттарының дәстүрлі 79-ғылыми конференциясына Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасының ұжымы белсенді қатысты. Конференцияның бағдарламасына сәйкес, «Жалпы педагогика» және «Общая педагогика» секцияларына педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын 100-ге жуық студент (2-4 курс) қазіргі педагогикалық ғылымның негізгі бағыттары мен көкейкесті мәселелерін айқындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғауға қатысты. Ұсынылған тақырыптар ішінде: Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы, заманауи педагогиканың қазіргі қоғамдағы әлеуметтік маңызы, болашақ педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі, оқушыларға кәсіби бағдар беру формалары, инклюзивті  білім беру, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, ұлттық тәрбие, эмоционалды интеллект, мектептегі буллингтің алдын алу және  жасөспірімдік кибербуллинг, педагогтың метапәндік және коммуникативтік құзыреттіліктері, шетелдік білім беру жүйелерін салыстырмалы түрде талдау, т.б. қаралды. Ал, жас зерттеушілерді ерекше қызықтырған проблемалар: жасанды интеллектінің танымдық процесіне әсері, әлеуметтік желілердегі инновациялық педагогикалық тәжірибелер, цифрлық тәрбие беру, жасөспірімдердің қауіпті ойындарын алдын алу, қашықтан оқытудың перспективалары, жаңа интернет-технологиялар мен цифрлық ресурстар, т.б. болды.

 

«Жалпы педагогика» және  «Общая педагогика» секцияларының  модераторлары - п.ғ.д., профессор Корлан Жампеисова, п.ғ.к., доцент Светлана Жумашева. Секциялардың жұмысына университеттің профессор-оқытушылары, практиканттар, «Педагог-зерттеуші» студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелері  қатысты. Нәтижесінде барлық қатысушылар конференцияны жоғары дәрежеде бағалап, студенттердің  ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстар қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=