Main
News
20.11.2024 «Әлем тарихы және тарихты оқыту әдістемесі» секциясының 79-ғылыми конференциясы 2024 жылдың 18 қарашасында Тарих және құқық факультеті әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлем тарихы және тарихты оқыту әдістемесі» секциясының 79-ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға ғылымға қызығушылық танытқан белсенді студенттер мен магистранттар өз баяндамадарын ұсынды. Секция жұмысына төрағалық еткен - т.ғ.д., профессор Махаева А.Ш., мүшелері т.ғ.д., профессор Сутеева Х.А., т.ғ.к., профессор Жұмағұлов Б.С., т.ғ.к., доцент Дайрабаева А.Е.
Жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер конференция алаңында тарихи- инновациялық идеялармен алмасты. Бұл іс-шара жаңа зерттеулердің нәтижелерін таратуға және оларды жас ғалымдар мен сарапшылар арасында талқылауға арналған ғылыми-тәжірибелік форматта өтті.
|