қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.11.2024

Абай университеті мен Кентау қалалық Білім бөлімі меморандумға қол қойды


2024 жылдың 13 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Кентау қалалық Білім бөлімі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты - екі тараптың бірлескен жобаларын жүзеге асыру арқылы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

 

Меморандум аясында қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер әзірлеу, конференциялар мен семинарларға қатысу, сондай-ақ тәжірибе мен ақпарат алмасу сияқты бірнеше бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Меморандумға Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Б.М. Нарбекова мен Кентау қалалық Білім бөлімінің басшысы А.А. Ауелбеков қол қойды. Іс-шараға Кентау қаласынан білім саласының өкілдері: Әділбеков Бақытжан, Мәжкүлбекова Айгүл, Қалышбетова Ғазиза, Сапарбаева Фарида, Тажимбетова Гүлжанахан, Шлекей Рүстем, Мирзаев Бахрам, Арыстанбекова Айгүл, Баршабекова Назгүл, Сейдалиева Айсұлу, Саданова Шахиста және Гамурзаков Габдулла қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=