Main
News
12.11.2024 Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерімен кездесу өтті
2024 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен университет студенттері Алматы қаласының Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Кездесудің спикері Алматы қаласы Полиция департаментінің ҰҚҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Самат Алибеков болды.
Кездесу барысында Самат Алибеков университет білім алушылары, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды талқылады, оның ішінде нашақорлық мәселелері мен оның алдын алу жолдары, алаяқтық, жеңіл ақшаға құмартып, теріс жолға түсу, ұрлық, зорлық-зомбылықпен қатар, лудомания және буллинг тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбітті.
Қатысушы студенттер шараға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Сөз соңында әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Қайнар Маликов кездесу қонағы Самат Алибековке ақпараттық-танымдық дәріс өткізгені үшін өз алғысын білдірді.
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент |