Main
News
05.11.2024 Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен өндірістік практика бойынша бағыт беру конференциясы
2024 жылдың 30 мен 31 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының студенттері үшін практика бойынша бағыт беру конференциясы өтті. Іс-шараға 100-ден астам студент, кафедраның әдіскерлері және жұмыс берушілер қатысты.
Практика жетекшілері - PhD, аға оқытушы Жанар Жұмаш және профессор Лариса Лебедева - студенттерді практиканың мақсаттары мен міндеттерімен, бағдарламасымен, практиканы аяқтағандағы қорытынды талаптармен таныстырды.
Конференцияда қатысқан әдіскерлер (Ақпаева А.Б., Бекбаева М.Т., Әбдіқадыров А.О., Тынысханова А., Есентаева Б.У., Найманова Д., Сәмбет Д.) әдістемелік нұсқаулар беріп, мектепте оқушылармен және әріптестермен тиімді қарым-қатынас құрудың маңыздылығы туралы баяндады.
Конференция жұмысына Алматы қаласындағы «Innovative school» жекеменшік мектебінің директоры Марат Платонов қатысты. Өз сөзінде ол кәсіби ортаға бейімделу және студенттердің кәсіби қалыптасу үдерісінде тәлімгердің рөліне ерекше назар аударды.
Конференция алдағы практиканың ұйымдастырылуы мен мазмұнына қатысты сұрақ-жауаптармен аяқталды.
|