қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.10.2024

Абай университетінің қызметкерлері марапатталды


2024 жылдың 24 қазанында Республика күніне орай Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім және ғылым саласының өкілдеріне отандық ғылымды дамытудағы үздік жетістіктері және белсенді қоғамдық қызметі үшін арнайы марапаттар табыс етті.


Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары да бірқатар марапаттарға ие болды. Абай университеті химия кафедрасының профессоры Несіпхан Бектеновке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсе, тарих ғылымдарының докторы, доцент Светлана Смағұлова «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ал, университеттің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова және профессор, техника ғылымдарының докторы, академик Марат Құлбек «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Саналы ғұмырын білім саласының дамуына арнап, ғылымға өлшеусіз үлес қосқан, шәкірт тәрбиелеп, құрметке бөленген әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=