Main
News
23.10.2024 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» семинары 2024 жылдың 14 қазанында Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы: Жумагулова Калампыр, Майматаева Асия, Аманбаева Махаббат және 3 курс «8D01513- Биология» БББ докторанты Бақытгүл Асылбекова мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландырылатын,18 қазан 2022 жылғы 235/30-22-24 келісім-шартына сәйкес ЖТН АР14872059 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы жоба бойынша Шымкент қаласында семинар жүргізді.
Семинарға Шымкент қаласының С. Рақымов атындағы №53 жалпы білім беретін мектеп директоры Р.К. Күндебаева, №47 мектеп-гимназия директоры А.С.Умарова, мектеп ұжымы және 8-10 сынып оқушылары қатысты. Семинарда жоба аясында жарияланған «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары» оқу құралы, «Қазақстан республикасы мектептерінде жаратылыс-ғылыми сауаттылығын көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері» монографиясы таныстырылып, жаратылыстану пәндері бойынша оқу үдерісіне ендіру мүмкіндіктеріне талдау жасалынды. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
|