Main /
Mass media about us
17.09.2024
Болат Тілеп «Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетінің «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» акциясына қолдау білдірді!
Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің педагогикалық білімінің флагманы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Bolat Tilep Білімді Ел Образованная Страна газетінің «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасын қолдап, өзінің ұстазы, сынып жетекшісі Қатира Аккалиеваға ризашылығын білдіріп, газетке бір жылдық жазылымын сыйға тартты!
Аккалиева Қатира - Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан», деп ұлы ойшыл Абай айтқандай, саналы ғұмырын білікті де озық ойлы шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаздар қауымының қоғамда алар рөлі ерекше, жоғары құрметке ие. Әрқайсымыздың тұлға болып қалыптасуымызға жол ашып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Олардың адалдығы мен даналығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Бұл ұстаздардың еңбегін ұлықтауға арналған отандық жоба өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарға шексіз алғыс пен құрмет көрсетуге бірегей мүмкіндік береді», - дейді Болат Тілеп.
Ректор «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» жобасын қолдау эстафетасын әріптестеріне және Абай университеті ұжымына жолдап, мұндай бастамаларды қолдау мәдени-ағартушылық ортаны қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Прекрасная добрая душевная новость пришла из кузницы педагогических кадров- нашего старейшего вуза КазНПУ имени Абая. Ректор университета Болат Анапияевич в честь предстоящего Дня Учителя решил подарить своей любимой учительнице русского языка и литературы, классному руководителю Катире Аккалиевой годовую подписку на нашу образовательную газету! Это так трогательно! Когда человек, какой бы деятельностью ни занимался, чего бы не достиг, помнит свои истоки, свои первые шаги в мир знаний, свою родную маленькую школу- это о многом говорит! Это говорит прежде всего о человечности, патриотизме, умении быть благодарным! Рахмет за Ваш благородный порыв, Болат Анапияевич! Друзья присоединяйтесь и вы! Газета вместо букета, который завянет через два дня- это очень актуально, она будет приходить с почтальоном вашему учителю каждую неделю весь год, все 12 месяцев!️ За всего 8 тысяч с копейками- сейчас так не стоит даже букет! Учителя самые читающие, самые неравнодушные, самые образованные люди на земле! Их труд и миссия бесценны! В год когда газете Білімді ел 10 лет- это еще и подарок редакции, которая на энтузиазме и с МИССИЕЙ выпускает газету для педагогов Казахстана!
17.09.2024 Ақпарат көзі: bilimdinews.kz |