қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
11.08.2024

Қазақстанда Абай атында 1500-ден астам нысан бар

 

                

 

Абай күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес мерекелік датаға айналды.

 

Биыл 10 тамызда Абай атындағы ҚазҰПУ-да қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай ескерткішіне тағзым етіп, гүл қою рәсімі өтті.

 

Маңызды іс-шараға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттер және қала қонақтары қатысты.

 

Жиында сөз алған Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп жұршылықты Абай күнімен құттықтап, оның шығармашылығы қазіргі уақытта қоғамға қажетті бәсекеге қабілеттілік, ұлт ретінде қалыптасу, тәрбие, еңбекқорлық тәрізді құндылықтармен үндес екендігін айтты.


«Елімізде 1500-ден астам Абай есімін иеленген маңызды нысан бар екен. Соның ең алғашқысы осы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Ұлы ақынның есімін иеленген, қазақ білімінің қара шаңырағы атанған Абай университетінде қызмет атқару - біз үшін үлкен абырой. Абай атамыздың өсиеті, өлеңі, қара сөзі - бүгінгі тұрмысымызда, қазіргі қоғамда өзектілігін еш жоғалтқан жоқ. Арада қаншама уақыт өтіп, қаншама дәуір орнаса да Абай мұралары ұрпаққа әлі де қызмет етіп келеді және ол қазақ барда мәңгі жасай бермек», - деді Болат Тілеп.

 

Естеріңізге сала кетейік, Абай күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес мерекелік датаға айналды.

 

11.08.2024

Ақпарат көзі: aikyn.kz