Main /
Announcements
16.03.2021 Психологиялық білім негіздері: «Рухани жағыру» орталығының семинарлары
Семинар курстардың мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының идеяларын ғылыми-академиялық негіздемесі аясында түсіндіріп, насихаттау барысында жүзеге асыру.
Осы орайда университеттің профессор-оқытушылар құрамына (эдвайзерлерді қоса алғанда) арнайы және толыққанды түсіндірме психологиялық семинар курстарын өткізу маңызды орын алады. Өйткені, ұлттық болмыс сақталғанда ғана жаңғыру жүзеге асады. Ал ұлттық сананың кемелденуі ұлт ретіндегі жаңғырудың кепілі болатын ұлттық сана-сезімді оятып, тарихымызды қастерлей отырып, рухани-материалдық құндылықтар негізінде оны кемелдендірудің мемлекеттік саясаттың басты бағдары болмақ. Демек, оның қоғамдық санада қабылдаудың рухани жаңғырудың әр бағытында психологиялық-рухани астарын түсіндіру қажет.
Институт оқытушыларына арналған «Рухани жаңғырудағы психологиялық білім негіздері» тақырыбында өтетін онлайн-семинар курстары арнайы күнтізбенің негізінде институттарға бөлініп берілген.
Семинарлар институт кестесіне сәйкес ZOOM платформасында сағ.15.30-17.00 аралығында өтеді. Қатысушыларға сертификаттар қарастырылған.
«Рухани жаңғыру» орталығы
|