Main
News
11.04.2024 Абай атындағы ҚазҰПУ 7 пән және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» санаты бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің қатарына енді
Бүкіл әлем бойынша пәндік рейтингтердің танымалдылығының өсуіне мамандану, сапаны қамтамасыз етуге сұраныс, жаһандық бәсекелестіктің артуы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, ашықтық пен қолжетімділік сынды себептерін атап өте аламыз.
Биылғы рейтингте әлемнің 1500-ден астам университеті мен 96 жерінен келген студенттердің бес кең пәндік санатына топтастырылған 16 400-ден астам университет бағдарламаларының тиімділігіне тәуелсіз салыстырмалы талдау қамтамасыз етілді.
Қазақстанның 119 жоғары оқу орнынан пәндік рейтингке 8 жоғары оқу орны қатысып, 57 бағдарламаға талдау жасалды, олардың 17-сі өз орнын жақсартса, 7-уі төмендеді, 13-і өз орнын сақтап қалып, ал 20-сы рейтингке алғаш рет енді.
Абай атындағы ҚазҰПУ дәстүрлі түрде ең жақсы нәтижені «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» (Social sciences & Management) санатында «Білім және оқыту» (Education&Training) пәндік саласы бойынша көрсетті - 54 орын (Қазақстан бойынша 1 орын), бұл өткен жылғы нәтижеден 22 ұпайға жоғары! Ал бұл Қазақстандағы педагогикалық білім беру көшбасшысының миссиясы орындалатындығын тағы бір дәлелдеді. Бұл санат бойынша алғаш рет «Құқықтану» пәні қатарға енді - 301-350 орын (Қазақстан бойынша 3 орын).
5 рейтинг санатының ішінде университет өткен жылғыдай тағы да «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) санатында белгіленді - әлемдік рейтингте 351-ші орын. Аталған санатта үздік 100-ге енген «Ағылшын тілі және әдебиеті» (English Language & Literature) пәні бойынша тағы да үздік нәтиже 93-орын (Қазақстан бойынша 1 орын), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 орынға жоғары. Алғаш рет 3 пәндік сала атап өтілді: Қазақстан бойынша 1-ші орын алған «Философия» (Philosophy), «Қазіргі тілдер» (Modern Languages) - Қазақстан бойынша 3 орын, және «Өнер және дизайн» (Art & Design) бойынша Қазақстанда 3 орын. Айта кету керек, олардың алғашқы екеуі бірден 101-150 позицияларында, бұл әлемдік жүздікке кіруімізге тек «бір қадам» қалғанын көрсетеді. Үшінші пән 201-240 орында. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан «Тіл білімі» (Linguistics) өз орнын сақтап қалды - 201-240.
11.04.2024ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|