![]()
22.11.2017 ҚазҰПУ пен ҚазҰУ арасындағы байланыс жандана түсті
Таяуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапармен барып қайтты. Делегация құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректорлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды.
Сапардың басты мақсаты оқыту, білім беру және инновациялық үдерістерді қамтитын сандық университет құру тәжірибесімен алмасу.
Сапар Университеттің қалыптасуы мен дамуының бүкіл тарихы көрсетілген Әл-Фараби мұражайынан басталды. Кездесу университеттің ағымдағы қызметін бақылау және мониторинг жүргізу үшін интерактивті деректерді жинау және талдауға барлық қажетті заманауи құралдармен жабдықталған ситуациялық орталығына және білім алушыларға «бір терезе» қағидаты негізінде құрылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына барумен жалғасты. Ары қарай, ҚазҰПУ өкілдері «Кангнам Северанс» Оңтүстік Кореялық клиникалардың жетекші мамандарының қатысуымен телемедицина технологиясын пайдаланып, пациенттерге және қашықтағы кеңес беретін жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған, диагностикалық орталығында болды. Сапардың қатысушылары ҚазҰУ-дың ғылыми паркінің қызметі, халықаралық ынтымақтастық, білім беру және тәрбие жұмысымен танысты.
Сапар соңында бірінші проректор Мақтағали Бектемесов ұйымдастырушылардың жұмысын жоғары бағалап, іс-шараның табысты өткенімен құттықтады, ұйымдастырушыларға жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ұсынылған қызмет көрсету модельдері студенттерге қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылатын басқа қазақстандық жоғары оқу орындары үшін үлгі болатынын атап айтты.
Авторы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Қоғаммен байланыс бөлімі 22.11.2017ж. Ақпарат көзі: dalanews.kz
|