қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.04.2024

Ғылым онкүндігі: «Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдері» семинары


Абай атындағы ҚазҰПУ-де Ғылым онкүндігінің іс-шаралары аясында (04.04-13.04. 2024 ж.) «Ғылыми байланыс: университет - колледж - мектеп» бөлімінде Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы 2024 жылдың 04 сәуірінде Алматы қаласындағы № 185 жалпы білім беретін орта мектепте «Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді.


Семинардың мақсаты - болашақ мамандықты таңдаудағы мотивация мен кәсіби қызығушылық деңгейін анықтау үшін жоғары және бітіруші сынып оқушыларының жеке және танымдық ерекшеліктерін диагностикалаудың қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық тәсілдерімен, кәсіптік бағдарлау әдістерімен таныстыру болды.


Семинарға «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы Тусубекова Кунслу Кадыркуловна, 7М03118 - «Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері» мамандығының 1 курс магистранты Смагулова Аружан және «6В03111-Практик психологтарды даярлау» мамандығының 3 курс студенттері Табылдиева Шұғыла, Кенжеахметова Аружан және Аширбек Раушан, сонымен қатар №185 орта мектептің психологы Базарғалиева Назерке Әсемханқызы қатысты. Семинар болашақ мамандықты таңдауда бітіруші сынып оқушылары үшін қызықты әрі пайдалы болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=