Main
News
05.02.2024 «Дипломдық жобаны жазудағы зерттеу мәселелері» семинары
2024 жылдың 2 ақпанында Педагогика және психология институтында арнайы педагогика кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Арнайы педагогика» мамандығының білім алушыларымен «Дипломдық жобаны жазудағы зерттеу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара барысында «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, «8D01901-Арнайы педагогика» мамандығының 2 курс докторанты Г.Ержанова, 1 курс магистранттары А.Абдиманова, Ұ.Таштан, Н.Сұлтанбекова, Д.Сундетова баяндама жасап, болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін диагностикалау; зерттеудің ғылыми (әдіснамалық) аппараты; дипломдық жобаның теориялық бөліміне кіріспе; дипломдық жобаның эксперименттік бөліміне талдау; дипломдық жобаны әзірлеу талаптары; магистратураға түсудің жолдары туралы тақырыптар бойынша мәселелер талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты.
|