қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.02.2024

«Худ-граф: Адалдық және өнерге қызмет ету» көрмесі

2024 жылдың 2 ақпанында Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Almaty Gallery «Алматы әуендері» КМҚК Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты құрылғанына 55 жыл толуына орай «Худ-граф: Адалдық және өнерге қызмет ету» көрмесінің ашылуы өтті. Алматының көркемсурет галереясының көрме залында жетпістен астам акварельмен, майлы бояумен салынған суреттер, графикалық жұмыстар, сондай-ақ қазіргі заманауи Қазақстанның белгілі суретшілері мен мүсіншілерінің шағын нысандарындағы мүсіндері қойылған. Көрмедегі пейзаж, портрет, тарихи және тұрмыстық жанрларда жазылған туындылардың тақырыбы мен орындау техникасы бойынша саналуандылығы көзге түседі. Академиялық көркемдік білімі бар, өз жұмысында жаңа формаларды іздейтін суретшілер, мүсіншілер өз тамырларына деген терең сүйіспеншілікпен, өз шығармалары арқылы жеткізетін өз халқының тарихына деген құрмет пен қызығушылықпен біріктіріледі. «Худ-граф: Адалдық және өнерге қызмет ету» көрмесі отандық көркемдік білімнің заманауи альма-матерінің шығармашылық әлеуетін, тынымсыз ізденіс пен көркем эксперименттердің белестері мен нәтижелерін, қазақстандық суретшілер мен Қазақстан ұстаздарының тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге арналған.

 

1928 жылы қазанда Қазақстанның зиялы қауымының ұстаханасы болған алғашқы қазақ ЖОО ашылды. Аталған оқу орнында Қазақстан халқының мақтанышына айналған бірқатар көрнекті ғалымдар білім алды, жұмыс істеді, керемет өнер туындыларын тудырды, олардың арасында Қазақстан Республикасының кәсіптік көркемдік білім беру саласындағы алғашқы мамандандырылған оқу орны болып саналатын көркем-графика факультетінің түлектері - еліміздің шығармашылық элитасының есімдері де бар. 2024 жылы Өнер, мәдениет және спорт институты өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтеді, (тарихта 1969 жылы сол кездегі Абай атындағы ҚазПИ-да көркем-графика факультеті ашылды).

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты шын мәнінде өз түлектерін мақтан тұтады, олар әйгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің, әйгілі графиктер мен суретшілердің, мүсіншілер мен педагогтарден құралған  ерен жүйріктердің тобы: Ерболат Төлепбай, Мұратбек Нұрлыбаев, Өмірбеков Байтұрсын, Оспанов Баймұрат, Владимир Власюк, Шоқан Төлеш, Аркен Зульфикар, Вячеслав Люйко, Бәтима Заурбекова, Нэлли Бубэ, Алпысбай Қазғұлов, Тоққожа Кожагулов, Алексей Бегов, Шоқпарулы Дәркембай, Нұрлан Қилыбаев, Марат Нүсіпов, Жанұзақ Мүсәпір Керімбекұлы, Альмухамбетов Берікжан, Мұратаев Құрман, Жолаушы Тұрдығұлов, Жанаев Мият, Журавлев Николай Степанович, Бренер Александр Давидович, Садырбаев Есенғали Кебекбайұлы, Нарымбетов Молдақұл Сұлтанұлы - бұл орны биік атаулардың бір сыпырасы  ғана екендігін айтып өткен жөн. Бүгінде өнер, мәдениет және спорт институтында өз шәкірттерімен бірге Қазақстандағы, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердегі көрмелерге, фестивальдерге, конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттары, доценттер, еңбек сіңірген қызметкерлер мен еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының және басқа да шығармашылық қауымдастықтардың мүшелері жұмыс істейді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=