Main
News
02.02.2024 Абай университетінің оқытушылары «Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру» курсын аяқтады Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы ЮНЕСКО-ның педагогика және мұғалімдерді оқыту кафедрасының ұйымдастыруымен, «Teachers Lab» компаниясы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кеңсесінің сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта әзірлеген «Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру» онлайн біліктілікті арттыру курсына қатысты.
Тұрақты дамуға тек технология, саяси реттеу немесе қаржылық механизмдер арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Адамзат ойлау мен мінез-құлықты өзгертуі керек. Ол үшін, өз кезегінде, барлық деңгейлерде және әлеуметтік жағдайларға қарамастан тұрақты даму мүддесі үшін сапалы білім мен оқытуды қамтамасыз ету талап етіледі.
«Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру» біліктілікті арттырудың онлайн курсынан университеттің келесі профессор- оқытушылар құрамы сәтті өтіп, сертификаттар алды:
2. Балгимбеков Шамшидин - м.ғ.д., анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессоры; 3. Сабденалиева Гүлнарай - п.ғ.к., «География және экология» кафедрасының доценті; 4. Қалдыбаева Жанар - экология магистрі, «География және экология» кафедрасының аға оқытушысы; 5. Қонқабаева Назым - PhD доктор, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі; 6. Жандосова Гүлім - «География және экология» кафедрасының аға оқытушысы; 7.Джаббарова Эмилия - «6В060800-Экология» мамандығының 3 курс студенті.
|