қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.01.2024

Абай университеті оқытушыларының кәсіби өсуіне арналған AI және IT тренингі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында «Қысқы мектеп -2024» аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыруда «Білім беру бағдарламасын масштабтау» тақырыбында оқытушыларға және білім беру бағдарламасын әзірлеушілерге, бөлім басшыларына арналған оқыту тренингі өткізіліп жатыр.

 

Университеттің 145 профессор-оқытушылар құрамын бұл жобаның Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білікті тренерлері оқытуда.

 

Тренингте «Қазіргі педагогикалық білім трендтері және қолайлы білім беру ортасы, Студентке бағытталған оқыту, Белсенді оқыту әдістері, Педагогтардың IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика, Бағалау саясаты, формалары мен жүйелері» секілді тақырыптар және жоба шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламасымен таныстыру кезең-кезеңімен жоспарланған.

 

11 қаңтар күні «Педагогтардың AI мен IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика» тақырыбындағы тренингті Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан құрылған тренерлер жүргізді.

 

Тренинг барысында педагогтардың қазіргі әлемде сұранысқа ие AI және IT құзыреттіліктерін дамыта отырып, қызықты және тиімді білім беру тәжірибелерін құруға мүмкіндік берілді. AI технологияларын қолдануда педагогтардың AI құзыреттіліктердің қалыптастыру басты назарға алынды. Педагогтар арасында жасанды интеллект (AI) саласындағы құзыреттілікті дамыту қазіргі білім берудің негізгі аспектісі болып табылады.

 

Топтық жұмыстарды орындауда педагогтар ақпаратты визуализациялау және құрылымдау үшін тамаша құрал болып табылатын менталды карталардың түрлерімен, интерактивті өзара әрекеттесу мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін электрондық платформалар онлайн тақталардың түрлерімен, білім беру процесін байытуға және мұғалімдердің IT құзыреттілігін дамытуға бірегей мүмкіндіктер беретін толықтырылған шынайылық (AR) технологияларымен жұмыс жасады.

 

Тренинг нәтижесінде тыңдаушылар жаңа технологияларды, құралдар мен оқыту әдістерін игеру арқылы AI және IT саласындағы білімдерін кеңейте алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=