қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.01.2024

Ғылыми жобаның табыстылығы - заманауи өзгерістердің кілті

 

Абай университеті өзінің ғылыми болашағының дамуын жетекші ғылыми мектептері мен зерттеулерінің ықпалдасқан тұжырымдамасын қалыптастыруда үлкен маңызға ие, табысты жүзеге асырылып отырған жобаларымен негіздейді.

 

Осы тұрғыдан ғылыми мектептердің көрнекті өкілдерінің бірі -педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова. Оның жетекшілік етуіндегі Республикалық және халықаралық маңызды жобалардың тұрақты жетістігі ғылыми қоғамдастық үшін үлгі болып отыр. Оның ғылыми қызметінің өнімділігі ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын бірқатар жобаларында көрсетілген. Мәселен, AP05134253 Дуальді-бағдарлық оқыту - болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты (2018-2020 жж.) және AP08857119 Цифрлық орта жағдайында болашақ мұғалімнің студентке орталықтандырылған оқытуын трансформациялау (2020-2022 жж.) сиякты жобаларының нәтижелері білім беру ортасының тиімділігін арттырып қана қоймай, жоғары сұраныс пен өзектілікке ие болып отыр.

 

Бірінші жобаның нәтижесінде педагогикалық практикалардың саны мен көлемі артты, «жоо-колледж-мектеп» арасындағы интеграция нығайып, менторлық бағдарлама әзірленіп, ендірілді. Бұл болашақ мұғалімдердің даярлығын жетілдіріп қана қоймай, студенттерге саналы түрде мамандық таңдап, жұмысқа табысты орналасуға мүмкіндік берді. Жарияланған монографиялар мен оқулықтар, сондай-ақ қорғалған диссертациялар бұл жобаның маңыздылығын растайды.

 

Дуальді оқыту элементтерін жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне ендірудің сауатты қойылған басымдықтарына байланысты жоба DAAD неміс ұйымының «Pedagogical Professionalism and Internationalization» атты халықаралық жобасына ұласты. Бұл жоба Абай атындағы ҚазҰПУ, Фридрих-Александр Эрланген-Нюрнберг университеті (FAU) және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (ASPU) ғалымдарымен бірлестікте жүргізіледі.

 

Екінші жоба «Цифрлық орта жағдайында болашақ мұғалімнің студентке орталықтандырылған оқытуын трансформациялау» білім беру саласындағы жобаның өзектілігін қолдай отырып, дербестендірілген оқыту мен білім беру бағдарламаларына арналған цифрлық платформаны енгізді.

 

Ұлжарқын Әбдіғапбарованың ұстанымы «Ғылыммен айналысу - өмірмен жарасым табудың ең жақсы тәсілі». Оның еңбектері Абай университетін, сондай-ақ отандық білім мен ғылымды дамыту үшін іргелі және өзекті болып табылады.

 

  alt=  

 

  alt=