Main
News
11.12.2023 Ақын, аудармашы Дәурен Берікқажымен кездесу
Ақынның аудармашылық шығармашылығына арналған кешті филология институтының директоры А.В.Таңжарықова құттықтау сөзімен ашып, ақынның аудармашылық қызметі туралы студенттерді таныстырып өтті.
Іс-шара барысында Д.Берікқажы аудармашылық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы айтып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кеш барысында 4 курс студенттері ағылшын жазушысы Н.Спаркстің «Күнделік» романын ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударған Дәурен Берікқажының аудармасынан шағын үзінді қойып, кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді. Студенттер екі тілде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын аудармашы Д.Берікқажы да өз өлеңдеріне шолу жасады. Аудармашы ақын өз кезегінде университет, институт басшылығына, студенттерге өз ризашылығын білдіріп, әр жылдары жарық көрген кітаптарына қолтаңбасын беріп, естелік ретінде ұсынды.
Әдеби-аудармашылық кешке қонақ ретінде Радиотехника және байланыс әскери инженерлік институтының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі Г.Есиркепова, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Г.Каптагаева, аға оқытушысы С.Балтабаева, сондай-ақ шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушылары Р.К.Оразова, Ұ.Ислямова, А.М.Себдайырова мен А.З.Мухитовтар қатысты.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Н.Н.Қонкабаева Д.Берікқажыға өз алғысын білдіріп, университет атынан алғыс хат және естелік сыйлық тарту етті.
|