About us | Главная /
Камалова Гүлдина Большевикқызы
Камалова Гүлдина Большевикқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірді, 1987 жылы Абай атындағы ҚазПИ есептеу математикасы және дифференциалдық теңдеулер кафедрасында аспирантураны бітірді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1999 жылдан бері жұмыс істейді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 01.01.02 - дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша «Жазықтық толқындарының түсуіне байланысты электродинамиканың кері мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2006 жылы оған математика доценті ғылыми атағы берілді. 2010 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында 13.00.02 - оқыту мен тәрбиенің теориясы мен әдістері (информатика, білім беруді ақпараттандыру) мамандығы бойынша «Есептеу информатикасын оқытуды информатика мұғалімдерін даярлау жүйесін дамыту факторы ретінде» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми қызығушылықтары: информатика мен математиканы оқытудың теориясы мен әдістері, білім мен ғылымды ақпараттандыру. Кафедрада жүргізілетін іргелі зерттеулерге, республикалық және халықаралық маңызы бар ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысады. Магистрлік және докторлық (PhD) диссертацияларының жетекшісі. 240-тан астам ғылыми жұмыстары жарияланған. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: Сандық әдістер Оқу электронды басылымдары мен интернет-ресурстарды дамыту және пайдалану Электрондық білім беру ресурстарын дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
зерттеу тақырыбы: информатика мен математиканы оқытудың теориясы мен әдістері, білім мен ғылымды ақпараттандыру басылымдар: 1. Әл-Фарабидің математикалық мұрасын оқытудағы ақпараттық технологиялар // CEUR Workshop Proceedings, 2016, Vol-1761: p.426-439 (Scopus) (басқа авторлармен бірге)
зерттеу тақырыбы: информатика мен математиканы оқытудың теориясы мен әдістері, білім мен ғылымды ақпараттандыру. Сандық әдістер / оқу құралы. - Алматы, 2015. - 322б. (басқа авторлармен бірге)
МАРАПАТТАРЫ 2018г. - «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі 2020г. - «Уздик Устаз» белгісі
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|