About us | Главная /
Конысбаева Алия Бусегеновна
Конысбаева Алия Бусегеновна
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Конысбаева Алия Бусегеновна, психология мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі, 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасында жұмыс істейді. «Бизнес-психология», «Психология-медиация» бағыттары бойынша психология мамандығының білім беру бағдарламаларының құрастырушысы болды. Абай атындағы ҚазҰПУ және Сумы мемлекеттік университетінің өзара түсіністік меморандумының аясында семестр бойы Сумы мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған психологияда эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу білімді игеруге бағытталған виртуалды курсты жүргізді. «El Umiti» Корпоративтік Қорының жобаларына «5-6 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау», «5-6 жастағы балалардың психомоторлық, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін және эмоционалдық интеллектін дамыту» жобаларының әзірлеушісі ретінде қатысты. Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық интеллектісін анықтаудың диагностикалық әдістемелерінің авторы: «Эмоцияларды ата» (2021); «Яицомэ хикаясы» (2022) дамыту әдістемесі. «Саржайлау» (2022 ж.), «Достар әлемі» (2022 ж.), «Дала ертегілері» әдістемелерінің қосымша авторы. «Мектепке дейінгі білім беруде заманауи білім берудің технологиялары және балаларды ерте жастан дамытудың халықаралық практикалары» тақырыбында 2023 жылдың қараша айында өткен біліктілікті арттыру курсына жаттықтырушы ретінде қатысты. Оның 70-тен астам жарияланымдары бар, соның ішінде импакт-факторы бар мақаласы бар (Скопус).
БІЛІМІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (даярлау деңгейі бойынша тізімі) Бакалавриат: Психология тарихы, Психологиядағы эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру, Психодиагностика негіздері, Психологиядағы өлшеу әдістері, Балалар психологиясы, Білім берудегі психологиясы.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың мазасыздығының көрінісі. 1. Эмоционально-личностное развитие детей дошкольного возраста. //Вестник - Хабаршы, серия «Психология», №4 (57) - Алматы: КазНПУ имени Абая, 2018. - с. 62-66. 2. Особенности современного дошкольного образования в Южной Корее: опыт изучения. //Педагогика и психология, № 1(42) - Алматы: КазНПУ имени Абая, 2020 - С.164 -171. 3. Особенности развития когнитивных и психомоторных способностей детей старшего дошкольного возраста в период пандемии.// //Хабаршы-Вестник КазНПУ им. Абая, Том 69, серия «Психология» №4, 2021, с.24-36. https://bulletin-psychology.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/445/448 4. Экспериментальное исследование особенностей проявления тревожности у детей старшего дошкольного возраста. //Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(70) 2022 ж., с.51-61 5. Организация психолого-педагогического сопровождения детей дошкольного возраста с проявлениями тревожности// Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, No3(79), 2023ж., с. 359-370 https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.032
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Білім берудің өзекті мәселелері. - Ғылыми зерттеу әдістемесі. - А., (2011) - 5-6 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау (2022) - 5-6 жас аралығындағы балалардың психомоторлық, когнитивті, коммуникативті қабілеттері мен эмоционалды интеллектінің дамуы (2023).
МАРАПАТТАРЫ - «Үздік ҰСТАЗ» - ҚазҰПУ төсбелгісі. Мамандарды кәсіби даярлау ісіндегі еңбегі үшін Абай (05.11.2022). - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Алғысхаты, Астана, 2023 ж. - «El Umiti» Корпоративтік Қорының жобаларына қатысқаны үшін алғыс хат.
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|