қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.10.2020

Профессор-зерттеуші және постдокторлық бағдарлама стипендиатының бос лауазымына конкурс

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай атындағы ҚазҰПУ) академиялық 3 жыл мерзімге оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штаттық бірлікке профессор-зерттеуші және постдокторлық бағдарламаның стипендиатының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмысқа орналасу шарттары: 100% ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінеді.

 

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары:

- психологиялық-педагогикалық ғылымдар;

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

- жаратылыстану ғылымдары;

- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар.

 

«Профессор-зерттеуші» және «Постдокторлық бағдарламаның стипендиаты» лауазымына ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын, ғылыми мектептердің қалыптасуына, жаңа ғылыми бағыттарды ұйымдастыруға және оларды дамуына ықпал ететін танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдар қабылданады. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- PhD дәрежесінің болуы,

- соңғы 5 жылда Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін немесе Scopus деректер базасында CiteScore процентиль көрсеткіші бойынша 50-ден кем емес бір немесе бірнеше ғылыми сала бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдардың болуы;

- Хирш индексінің (Hi) болуы;

- ағылшын тілін меңгеруі;

- соңғы 5 жылда гранттық ғылыми зерттеулерді басқару және/немесе орындауы.

 

Конкурсқа қажетті құжаттар: конкурсқа қатысуға өтінім, жұмыс/оқу өтілі және лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес көрсетілген түйіндеме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама (дәйексөздер базасынан алынған скриншоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері, гранттық ғылыми зерттеулерді басқару және/немесе орындау туралы анықтамалар және т.б.) портфолиосы.

 

Конкурстық өтінімдер Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Ғылым департаментіне қабылданады. Мекен жайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 203-а, 201. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы. Тел: 291-65-29

 

«Профессор-зерттеуші» және «Постдокторлық бағдарламаның стипендиаты» лауазымы туралы Ережемен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында танысуға болады.