қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.10.2023

«Шығыс мәдениеті және өркениеті»: Қазақстан-Иран мәдени серіктестігі

 

2023 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасы өкілдерімен «Шығыс мәдениеті және өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шарада Иран ғылым академиясының мүшесі, философ, профессор Гуламреза Авани, Мәдени, әлеуметтік және өркениеттік зерттеулер институтының басшысы, Гуманитарлық ғылымдар және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшесі Реза Голами, мәдениет және Ислам коммуникациялары ұйымының ғылыми және академиялық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Халадж Монфаред және т.б өкілдері өз ойларымен бөлісті.


Дөңгелек үстел барысында оқытушылар, студенттер тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=