Main
News
19.10.2023 «Aтырaу облысы тaрихы: проблемaлaры мен дaму болaшaғы» республикaлық дөңгелек үстелі
Дөңгелек үстелге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, Тарих және құқық институты, Ә. Марғұлан атындағы археология инстиуттының, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тирихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері қатысып, баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстелді Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбaсaры М.М. Мұратқазин ашты.
Жоба жетекшісі,университет профессоры Жұмағұлов Б.С. «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» үш томдық еңбек өңірлер бойынша жазылған алғашқы дұмыс екендігі жайлы айта отырып, бұл ғылыми еңбектің өңірлік зерттеушілердің ұзақ жылғы зерттеулерінің жемісі екендігін атап өтті. Жобаның үш тілде шығатындығын, тек елімізде ғана емес шет елдік ғалымдардың да еңбегіміздің жемісімен таныса алатындығын айта кетті.
Жобаның 1 томы бойынша кординаторы Халидуллин Г. Х. «Көне Атарау қаласының тарихы» және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі Х. Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тирихы, археология және этнология ғылыми зерттеу институтының директоры Сапанов С.Ж. «Атырау облысының тарихы ежелгі археологиялық ескерткіштері» туралы айтса, ал ғылыми жобыны орындаушылар, зертеуші ғалымдар Е.Ермұқанов, К.Саркенова, Д.Салқынбектер өз баяндамаларында өңірге қатысты проблемалар мен перспективаларға назар аудартты.
|